Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 66Б

«AKTAN GROUP» ЖШС 2008 жылы Қазақстан Республикасы  Алматы қаласында құрылған.

«AKTAN GROUP» ЖШС  теміржол және автокөлік құралдары саласына маманданған компаниялардың басын біріктірді. Қаржылық, коммерциялық, бірізділендірілген ішкі кадрлық саясатты құрудың арқасында бизнес-процестерді сәтті басқарып, ұйымдасқан құрылымдарды тиімді  қолданып келеді. Оның құрған жаңа ірі кәсіпорындарында бүгінде 700-ге тарта жоғары білікті қызметкерлер еңбек етуде.

Компанияның негізгі мақсаты – әлемдік және қазақстандық нарықта сәтті тұрақтау, біріздендірілген қаржы саясатын әзірлеу жолымен компанияның барынша пайда алуын қамтамасыз ету, басқарылатын компаниялар бизнесінің тұрақтылығы мен өтімділігі, қаржылық қолдаудың механизмдерін құру, бәсекеге қабілетті табыстылыққа жету, компанияның қаржылық тәуекелді басқару  жүйесін құру, тиімділігі мен табысы жоғары бизнес жүргізу, клиенттердің  тұтынушылығын максималды түрде қанағаттандыру, серіктестермен өзара тиімді ынтамақтастықта болу, жоғары сапалы қызмет көрсету, ұзақ мерзімді және  перспективалы даму.

Компания «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ, «Қамқор Локоматив» АҚ, «Локоматив» АҚ, «Локомативті қызмет көрсету орталығы» АҚ, «Магистраль желісі департаменті» АҚ ірі теміржол кәсіпорындарымен,  сондай –ақ шетелдік серікстестермен, атап айтқанда Қытайдағы Үрімші, Дальян  локоматив құрастыру зауыттарымен, Моңғолиядағы Ұлан-Батор теміржолымен, Украинадағы «Топливно Энергетические  Ресурсы» ЖШҚ, Ирактағы GulfHoldingCompany, Эстониядағы ShiploadLtd компанияларымен,  Отрадное қаласындағы сүзгіш қағаз шығаратын зауытпен, Невский сүзгіш қағаз зауыты, «Кристалл» ЖАҚ аспапқұрастыру зауытымен, Ресей федерациясындағы «АЛМО» ЖШҚ-мен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Ресейлік GeneralElectricTransportation компаниясының өкілдігімен локоматив фильтрлерін жеткізу сұрақтары бойынша тығыз байланыста.

Басқарушы компаниялар төмендегі қызметтер бойынша мамандаған: ТО-2, ТО-3, ТО-4,  ТО-6, ТО-7 циклдары бойынша жылжымалы тартқыш құрамды техникалық қамтамасыз ету; локомативтің тартқыш, жүк тасығыш, маневрлі, шаруашылыққа арналған жылжымалы құрамының қызметі; теміржол арқылы және автокөліктік  тасымалдауға арналған фильтрлер мен фильтрлі элементтер шығару; қиыршық тас өндіру, шығару.

«AKTAN GROUP» ЖШС ең негізгі басымдығы – басқару механизимдерін жетілдіру, ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді қолдану, сенімді есептеу, есеп беру, бақылау  жүйесі, бірізділендірілген ішкі корпоративті кадрлық, коммерциялық, қаржылық, басқарушы компаниялардың әлеуметтік саясаты мен кәсіби және шығармашылық әлеуеті жоғары қызметкерлерді бағалау механизмін жолға қою.

Серіктестер

СпецСервис-Құрылыс

Құрылыс. Теміржолдарды жөндеу, қамтамасыз ету

Trans Com Logistic

Теміржол арқылы тасымалдау

Дулат жайсан

Ауылшаруашылық өнімдерін шығару

Таңбалытас

Тұруға арналмаған құрылыстарды салу

ТТТ Көксу

Жеңіл автокөліктерді жалға беру

Aktan Entertaiment

Мейрамхана кәсібі