Қазақстан Республикасы, Алматы, Назарбаев даңғылы, 175

«B2B Solutions» ЖШС – шетелдік компаниялар мен республиканың резиденттеріне арналған, бизнес-процесс аутсоринг қызметіне маманданған консалтингтік компания болып табылады. Компания білікті мамандарды тартып, бейінді емес қызметтерді (бухгалтерлік, заңдық қызметтерді енгізу, логистикалық қызмет көрсету, кадрлық іс-қағаздарды жүргізу) жүргізе отырып, оларды басқарусыз белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Компания клиенттеріне мынадай қызмет түрлері ұсынылады: концессиялық жобалар мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктердің жобаларына консультативті қызмет көрсету,  басты көрсеткіштер (KPI), стратегиялық карталар (ССП/BSC), стратегияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының мақсаттар әзірлеу,  бизнес-жоспарлар дәйектемесі, бюджеттендіру, басқарушылық есеп, ақша ағынын басқаруды құру, бизнес-процестің сипаттамасы мен талдауы, методология құрастыру, тиімді ұйымдық құрылымдар мен өзара іс-қимыл регламентін  құру, бухгалтерияны толық жүргізу, заңдық қолдау көрсету.

Компанияның негізгі мақсаты – бизнесті тиімділік пен пайдалылықтың жоғары деңгейінде жүргізу, клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру, серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық, іске асырылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді және перспективалық дамуға бағдарлау.